Artist: → МузАрт Life
1. Бір көруге күнді асыққанмын
Біз күткен күн алда шығар
Қосылмаған шын ғашықтардың
Бақыты сын бар да шығар
Біз екеуіміз қосылған жанбыз
Жұмбақ өмір жалғасы бар
Әні есіңде қала ма
Шын сезім арада
Барыңды бағала
Қ-сы:
Бағалаймын бақытым деп бағым өзіңді
Көрінбесін көзден мұң
Сен ояттың мендегі бұл мөлдір сезімді
Енді өзгердім…
Өмір жолы солай дейміз
Бірақ махаббат болмас шынайы сендей
Кейде бәрін оңай дейміз білмей көрмей
2 рет.
2. Күн кешейік кешірімді боп
Менің де жоқ басқа амалым
Қайталаймын есіміңді көп
Өкпе-мұңың таста бәрін
Шырқайықшы екеуіміз бірге
Өмірдің асқақ әнін
Сенсің нұр төккен шуағым
Естелік қыламын
Сен үшін бұл әнім
Қ-сы:
Бағалаймын бақытым деп бағым өзіңді
Көрінбесін көзден мұң
Сен ояттың мендегі бұл мөлдір сезімді
Енді өзгердім…
Өмір жолы солай дейміз
Бірақ махаббат болмас шынайы сендей
Кейде бәрін оңай дейміз білмей көрмей
Өмір жолы солай дейміз
Бірақ махаббат болмас шынайы сендей
Кейде бәрін оңай дейміз білмей
Өмір жолы солай дейміз
Бірақ махаббат болмас шынайы сендей
Кейде бәрін оңай дейміз білмей көрмей