
Artist: → 2RAR,Amre
Тыңда. Шын ба?
Бәрін ұмыттың ба?
Сонда мұңға қайта жолықтым ба?
Жүректі қозғаған, есіңде ғой сенің де бұл ән?
Сені алғышқы рет көргенде жаным
Жүрегімнің бөлігі екеніңді бірден білдім
Қасыңа баруға батылым бармай
Айдай сұлулығыңа тек сырттай таңдандым
Мүмкін бұл сезім елес, Махаббат емес
Тек еш арудың сұлулығы саған жетпес
Әдемі келбетіңді түсімде көремін
Қасыңнан өткенде қайталай беремін
Сәлем қалың қалай менің сұлуым
Иә бұл сенің баяғы тұрақсыздау бұрынғың
Білем сен маған хабарласпа дегенсің
Бірақ білмейм жетпей қала береді сенің жылуың
Біздің сезімге сен сенбесең мен сенем
Басқа жанмен қызық емес сөйлесе алмайм мен деген
Иә білем сені қазір жібермейді
Қарсы болса да енем шыға қойшы мен келем
Алматының көшесі өзіңменен естелік
Тәп-тәтті ертегіні не істедік?
Сезімді оятқанда қозғаған
Есімде, есіңде ме осы ән?
Сені алғашқы рет көргенде жаным
Жүрегімнің бөлігі екеніңді енді білдім
Қасыңа баруға батылым бармай
Айдай сұлылығыңа тек сырттай таңдандым
Мүмкін бұл сезім елес, Махаббат емес
Тек еш арудың сұлулығы саған жетпес
Әдемі келбетіңді түсімде көремін
Қасыңнан өткенде қайталай беремін
Сүйемін сені, жаным сүйемін сені
Мөлдір көзіңді, тәтті сөзіңді